Әсел Сағатова Кира Пластининаның жаңа топтамасын таныстырды

Әсел Сағатова Кира Пластининаның жаңа топтамасын таныстырды

Жүргізуші, актриса, модель, көрермендерінің ыстық ықыласына бөленуші Әсел Сағатова Кира Пластининаның жаңа жылдық топтамасын таныстырды.

Бұл қазақ қызының шет елдік, соның ішінде көрші Ресей дизайнерімен жасап отырған алғашқы жұмысы емес. Әсел Сағатова осыған дейін де Қазақстанға шет ел киімдерін жарнамалап жүрген болатын. Мұнымен қатар аталған брендтің өзіне ұнайтындығын да айтуда.


Кира Пластинина жаңа жылға арнаған топтамасын өзгеше түстерден жасауды жөн көрген. Үлкен аксессуарлар, үлпілдеген мата, тік жолақтар үйлесімділік тапқан. Мұнымен қатар жас дизайнердің брендіне ғана тән су моншақтардан жасалған суреттер де сақталған.


Жаңа жылдық топтаманың ішінен шалбар мен костюм, орташа ұзындықтағы көйлектер, жарқыраған киімдер табуға болады. Классикалық үлгідегі ақ, қара, сұр түсті киімдерге алтын түстес жолақтар жүргізілген.

Кира Пластининаның жаңа топтамасы осыған дейінгілеріне ұқсағанымен, жаңа үлгіде жасалғандары да бар. Бұл киімдердің Әсел Сағатова секілді модельдің арқасында жарқырай түскені сөзсіз. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: sezon.kz, kiraplastinina.ru

Қ. Бүйенбай