- Негізгі бет
- Сән
- Антитренд: Қандай сырт...
Антитренд: Қандай сырт киімдер ескірді?
Суық мезгілде гардеробтың маңызды бөлігі сырт киім болады. Ол бізді суықтан және желден қорғайды. Сондай-ақ ол киім үлгісіне «көңіл күй» сыйлайды. Сол үшін оны таңдағанда асықпай, жақсылап ойлану керек. Мысалы, мына сырт киім түрлеріне жоламаңыз.
1. Өте көлемді күрткелер
Өте үлкен өлшемдегі күрткелер соңғы екі мерзім қатарынан сәнде болды. Бірақ қазір бұл тренд ескірді. Қазір өте көлемді киімдермен ешкімді таңғалдырмайсыз. Егер стильді көрінгіңіз келсе, көлемді күртке таңдарда шаманы біліңіз. Үрілген күрткелердің қысқа да, ұзын да түрлері сәнде болады. Бастысы, оның көлемі сіз үшін ыңғайлы болуы керек. Мысалы, автобусқа немесе көлікке мінген кезде ол ыңғайсыздық тудырмауы қажет.
2. Жеңі қысқа пальтолар
Пальтоның бұл түрі нәзіктік сыйлайтын сырт киімдердің бірі болатын. Бірақ уақыт өте бәрі өзгереді. Сол секілді стильге деген көзқарас та өзгереді. Жеңі қысқартылған сырт киімнің бір кемшілігі ол дене пішінінің пропорцияларын бұзады. Мұндай пальтоны базалық, пішінін жақсы сақтайтын және миди ұзындықтағы түріне ауыстыруға кеңес береміз.
3. Ішік жағалы пальтолар немесе күрткелер
Бірнеше жыл бұрын табиғи ішік жағалар байлықты білдіретін. Мұндай киімді кез келген адам ала бере алмайтын. Бірақ қазір табиғи ішіктен жасалған жағасы бар сырт киімдер ескірді. Егер мұндай киімдерді ұнатсаңыз, экотеріден тігілген, пішіні өзекті сырт киімдер қарап көріңіз.
4. Спорттық стильдегі парка
2008 жылғы сәнқойлар гардеробын паркасыз елестету қиын. Қысқы күрткенің бұл түрі бірнеше жыл қатарынан әйелдер де, еркектер де арасында танымал болды. Бірақ қазір ол сәннен шықты. Оның орнына жинақы авиатор-күртке немесе сәл бос тұратын сырып тігілген күртке таңдаңыз.
5. «Қырықбуын» тоны
Тонның бұл түрі 2000-жылдардың басында сәнге айналған болатын. Қыздар мұндай тондарды былғары күрткенің сыртынан да, өзін бөлек те киді. Мұндай тондардың жеңі бар да, жеңі жоқ та түрлері ескірді.