«Oscar de la Renta» детройттық «Shinola» брендімен бірігіп сағаттар сериясын жасап шығарды. Оны небары 1000 дана етіп жасаған, әрі әр данасында реттік нөмірі жазылған.
«The Lattice» сағаттары жақұт әйнектен жасалған. Мұнымен қатар, әрқайсысының меруерттен жасалған циферблаты бар.
1000 сағат 3 түрлі дизайнда өңделген. Алғашқысының бауы аллигатор терісінен, ал корпусы болат пен бриллианттан жасалған. Екіншісі де болаттан жасалып, қызыл баумен өңделген. Ал үшіншісінің бауы – көк, корпусы алтыннан жасалған.
Бұл сағаттар қазан айынан бастап сатылымға шығады. Оларды «Oscar de la Renta» және «Shinola» бутиктерінен 1400-2700 АҚШ доллары көлеміндегі бағаға сатып алуға болады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: buro247.kz