«American Music Awards 2013»: сәнді көйлектер

«American Music Awards 2013»: сәнді көйлектер

«American Music Awards» мараппаттау салтанаты – АҚШ-та жылда өтетін музыка саласындағы үлкен шара.  Бұл жерде әлемге әйгілі америкалық әншілер бір қызыл кілем үстінде жиналады. Жақында өткен «American Music Awards 2013» нәтижелерімен сіздерді таныстырған болатынбыз. Енді жұлдызды арулардың сәнді көйлектерін қарап, оларға баға берейік.

Осы жылы аты шулы жұлдызды әншілер ашық, батыл көйлектерде байқалды. Қызыл кілемде ең жиі көрінген түс қара болды. Сондай-ақ аппақ түсті көйлектер, шалбарлы костюмдер де байқалды. Қазір трендтегі металл түстес жылтыр көйлектер де жұлдыздар арасында танымал екен. 

«Икона» атты арнайы марапатқа ие болған Рианна мен танымал әнші Сиара қара түсті мөлдір көйлектерді таңдапты.

Жастар арасында танымал Кэти Перри мен Джордин Спаркс салтанатты қара көйлектерде келді.

Бірден 4 марапатқа ие болып, кештің басты жұлдызы атанған Тейлор Свифт пен "Жыл жаңалығы" атағын иеленген Ариана Гранде "металлик" стиліндегі жылтыр көйлектерді таңдады.

Николь Ричи мен Кристина Агилера аппақ салтанатты көйлектер киіп келді.

Хайди Клумның қара, ашық көйлегі кеш бойы көпшіліктің назарында болды. Ал ерекше "ат" үстінде шыққан эпатажды Леди Гаганың бір қарағанда нәзік көйлегінің үстіңгі бөлігі металл сымдарымен әшекейленді.

Дәл осы жұлдызды арулардың талғамы мен таңдауы олардың әлем бойынша жас тыңдармандарына үлкен әсер етіп, олардың стиліне өз септігін тигізеді. Ал сізге кімнің көйлегі ұнады?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: REX Features

 

С. А