"Қазақстан Аруы-2013" болып Алматының 24 жасар сұлуы Айдай Исаева атанды.
Айдай С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің студенті, ол "Қазақстан Аруы" байқауына іріктемелік кезең болып табылатын аймақтық "Алматы Аруы-2013" сұлулық байқауында "II Вице Мисс Алматы" атанған болатын.
"Қазақстан Аруы-2013" Айдай Исаева
"I вице-мисс Қазақстан-2013" тәжін "Көкшетау Аруы" Лаура Шамгунова тақты, "II вице-мисс Қазақстан-2013" атағы "Мисс Дефиле" Вера Душинаға тиеселі болды, "III-вице-мисс Қазақстан-2013" "Қарағанды Аруы" Диана Кеңесова атанса, "IV вице-мисс Қазақстан-2013" "Семей Аруы" Әлем Мақанбекова болды. Айта кетсек, арнайы тағайындалған "Интернет Аруы" деген атаққа "Қарағанды Аруы" Диана Кеңесова қол жеткізді.
"I вице-мисс Қазақстан-2013" Лаура Шамгунова
"II вице-мисс Қазақстан-2013" Вера Душина
"III-вице-мисс Қазақстан-2013" Диана Кеңесова
"IV вице-мисс Қазақстан-2013" Әлем Мақанбекова
Естеріңізге сала кетсек, биыл "Қазақстан Аруы" атанған сұлуды мынандай сыйлар күткен болатын: біріншіден, ол "Қазақстан Аруы" ұйымдастырушылармен келісімшартқа отырып, бір жыл бойы қайырымдылық пен қоғамдық шараларға елдің ең сұлу аруы ретінде қатысады, сонымен қатар биылдан бастап "Қазақстан Аруы" 2017 жылғы қысқы Универсиаданың ресми өкілі атану құрметіне ие. Және әрине ең бастысы еліміздің ең сұлу аруы Қазақстан намысын халықаралық сұлулық "Әлем Аруы" сайысында қорғайды.
25 сұлудың арасынан ең үздіктерін "Қазақфильм" киностудиясының президенті Ермек Аманшаев, дизайнер Құралай Нұрқаділова, Тимур Куватов, Александр Орлов, фотограф Данил Олейник, Айгүл Мүкей, Совет Сейітов, Қарлығаш Мұхамеджанова және тележүргізуші Серік Акишев таңдады.
Кешті әнші Мақпал Исабекова, тележүргізуші Илья Уразаков, Әнуар Нұрпейісов және модельдік бизнесте танымал Марина Гайворонская мен Салтанат Бекжігітова жүргізді.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: Айжан Түгелбаева, kursiv.kz