Әлемнің ең кішкентай сәнбикелері

Әлемнің ең кішкентай сәнбикелері

Балалар тауарын жарнамалау үшін әрдайым сүйкімді сәнбике қажет. Әлемнің түкпірлерінде «балғындарға арналған» сұлулық байқауы да үздіксіз өтіп жатады. Жан-жағын дүрліктірген америкалық Toddlers&Tiaras шоуында 5 жасар балапандар сұлулық ханшайымы атану үшін барын салып күресуде. Көпшіліктің пікірінше, ата-ананың баласына дәл осындай бақталастық орын алған байқауға қатысуға рұқсат беруі жеткіншектің психикасына зиянды әсерін тигізеді. Ал басқалардың пікірінше, онда тұрған ештеңе жоқ, балалар жұмысқа ерте жастан икемделе бастайды дейді. Бір нәрсені ғана нақты айтуға болады: бұл балапандар барынша сүйкімді. Алдыларыңызда әлемнің атақты да ең кішкене сәнбикелері:

Маккензи Фой

 

Бұл қыздың есімі Ресей мен одан басқа елдерде кеңінен танымал. «Сумерки» фильміндегі вампир ата-ананың қызы Ренесми Калленнің рөлін сомдауға басты талапкерлердің бірі болған. Кристина итальян тілін өте жақсы меңгерген, алайда ағылшын тілін дұрыс білмеуі бұл фильмге түсе алмауының басты себебі болды. Ақырында бұл рөлді сомдау құрметі Маккензи Фойға бұйырды.

6 жасар Пименова Prada, Burberry, Silvian Heach секілді маркалармен жұмыс істейді. Ал Ferrero компаниясы қызды «Киндер» брендінің таныстырушысы етіп жариялады. Мұнымен қатар Кристинаның қанжығасында 20 шақты жарнама ролигі бар.

Кристина Пименова

Бұл бүлдіршін АҚШ-да 2 жасында-ақ сәнбике ретінде таныла бастады. Қуыршақтан айнымайтын Айриди кішкене Барби деп те атайды. Ал анасы "сәнді киімдер мен әдемі макияжды өте жақсы көреді" дейді. Ұзынқұлақтың хабарлауынша, Айридың ата-анасы ірі компаниялармен келісімшартқа отырып қойған, сол себепті Айри 3 жасынан бастап үлкен жұмысқа қадам басқалы отыр.

Айра Браун

Жанетта небары 6 жаста, бірақ оның түйіндемесіне кез келген үлкен сәнбике қызғанышпен қарайды. Костюкова Little model 2011 and Little Princess 2011, Little Photo model 2010, Mini Lady International 2010 және Маленькая Мисс Ультракидс 2010 лауазымдарымен мақтана алады. Оның суреттері Elle және одан басқа 10 шақты журналдың бетінен орын алған. 

Жанетта Костюкова

Бұзақы ханшайым өткен жылдың сәуір айында 11 жасқа толған болатын. Балғын жасына қарамастан бүкіл әлемге аты танылған әрі өз қатарластарының арасынан көп қаламақыны талап ететін жас сәнбике. Әкесі футболист – Патрик Блондо, анасы – Вероника Лубри.

Тилан Блондо

Эвелинаның 4 жасында ата-анасы Краснорск қаласынан Мәскеуге көшіп келеді. Осы жерде анасы Наталья оны Президент Кидс фото агенттігіне береді. Дәл осы сәттен бастап бүлдіршіннің карьерасы басталған екен.  

Эвелина Вознесенская

Қызметтеріндегі бақталастыққа қарамастан өмірде Кристина Пименова мен Эвелена екеуі жан достар. Оған төмендегі суреттер дәлел.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Суреттер: сәнбикелердің VK желісіндегі жеке парақшаларынан

Қ. Бүйенбай