Әлемнің ең бай модельдері

Әлемнің ең бай модельдері

10-орында Миранда Керр

Хит-шеруімізді австралиялық модель Миранда Керр бастайды. Оның бір жылдық табысы орташа есеппен 3,5 млн долларды құрайды. Миранда 90 жж Ұлттық австралиялық жас модельдер байқауының жеңімпазы болғаннан кейін көзге түсумен келеді. Ал нағыз жұмысы 2004 жылы сол кездердегі «Ober jeans Paris» брендының жарнамалық ролигіне түсуге келіскеннен басталды. 2007 жылы алғаш рет өз қатарластарының арасынан Victoria`s Secret-тің «періштесі» атанады.

Миранда Керрдің подиумға бір шыққаны немесе бір фотосессия үшін алатын қаламақысы ең кем дегенде 4 таңбалы цифрдан тұрады. Бір қызығы кейде тегін түсетін кездері де болады. Мысалы, өткен жылдың маусым айында модельдің ағаш діңіне жабыстырып кеткен суретін австралиялық Rolling Stone журналы мұқабасына жариялаған болатын. Бұл фотосессиясының ақысы коалаларға көмек көрсету қорына аударылатын болғандықтан, тегін түскен екен. 2010 жылы жары әрі атақты актер Орланда Блумға сәби сыйлау ниетімен карьерасында үзіліс алған еді. Сәбилі болғаннан кейін көп уақыт жібермей өз қатарластарына қосылған.

Бойы-175 см, параметрлері – 81х61х86

Наталья Водянова 9-орын

9-орынға көрші елдің таңғажайып карьерасы бар Наталья Водяновасы жайғасты. Осы күндері бір жылдық табысы орташа есеппен 4 млн долларды құрайды. Біздің рейтінгіміздегі 9-орыннан бөлек, Наталья Англияның ең қаржыланған 300 адамының қатарына кіреді. Кеше ғана Төменгі Новгород қаласының базарында жеміс-жидек сатқаны ел есінде. Сол себептен модельдің бастапқы төлемақылары қазіргідей болмаған. Мысалы, карьерасының басында Париждегі Viva айына небары 600 франк төлеген (150 доллар). 2003 жылы ең алғаш рет көп ақшаға қол жеткізеді. Calvin Klein-нің бас таныстырушысы болды. Мұнымен қатар Yves Saint Laurent сән үйінің көрсетілімдерін ашып, жапқан болатын. 2003 жылы жылдық табысы 7 млн долларға жетті. Байқауымызша, қазір табысы 3 млн-ға қысқарған.

Бойы – 176 см, параметрлері-86,5х61х86,5

Кэролин Мерфи 8-орын

8-орын Кэролин Мерфиге тиесілі. Forbes журналының хабарлауынша Кэролиннің жылдық орташа табысы 4,5 млн долларға тең. Қазіргі 38 жасына қарамастан, табысы жыл сайын керісінше өсуде. Мысалы, 2000 жылы Кэролин тек 3 млн доллар табыс табатын. Бұл ақшаны осы күндері Еstee Lauder компаниясымен жасаған шарты үшін алуда. Белсенді түсірілімдер болған күндері 15000 долларға дейін алады.

Бойы – 179см, параметрлері – 86,5х61х86,5

Лара Стоун 7-орын

Жетінші орында – Лара Стоун. Неміс моделі – рейтингіміздің дебютанты. Оның қаржы Олимпіне шығуы енді ғана бастау алуда. 2010 жылы Лара Стоун Calvin Klein компаниясын таныстырды. Компания жарнамалары үшін үлкен мөлшерде ақша алды. Мысалы, жақында Лара Стоун поп жұлдыз Мадоннаның жолын кесті. Louis Vuitton компаниясы әнші Мадоннамен келісімшартты ұзартпастан, орнына Лара Стоунды тағайындады. Осы компанияның жарнамасына түскені үшін 3 млн доллар көлемінде ақша алады.

Нидерландық топ-модель әріптесі Элизабет Херли секілді өзін кино әлемінде сынап көрмекші деген сыбыс таралуда. Остин Пауэрстің тыңшы туралы кино картинасының 4-ші бөлімінде Стоуынды да көріп қалуымыз ғажап емес. Модельдің түсірілімдерден бөлек, табысына кинодан түсетін қаражаты қосылса, рейтингіміздің алдыңғы қатарына шығатындығы анық.

Бойы – 178см, параметрлер – 81х61х89

6-орында Дарья Вербова

6-орында канадалық актриса Дарья Вербова. Өзінің табысын жақсарту үшін Дарья сапасына да, санына да мән береді. Мысалы, 2005-2006 жылдардың күзгі және қысқы мерзімдерінде Дарья 23 сән көрсетіліміне қатысып үлгерді (оның 7-ін ашты). 2 жылдың ішінде модель престижді Vogue журналының мұқабасына 12 рет шықты. Дарья табысты гонорары үшін Lancome косметикалық компаниясымен жасасқан шартына қарыздар. Карьерасының басында сән көрсетілімінің 1 сағатына 2 мың доллар алатын. Қазіргі таңда ең кем дегенде сағатына 5 мың доллар ұсынған көрсетілімдерге қатысады.

Бойы – 180см, параметрлері – 86х61х86

5-орында Даутзен Крус

Ақырғы бестіктің қатарын нидерландық супермодель Даутзен Крус ашады. Бұл қыздың да табыстары өскен. 2007 жылы жылдық орташа табысы 4,9 млн доллар болса, бүгіндері 6 млн доллар. Сол 2007 жылы Forbes рейтінгісінің 14-орнында болса, қазір кәсіпкер модель 5-орынға көтерілген. Келесі жолы бұл моделімізді үштіктің қатарына өткізетін шығармыз. Тек Versage, L`Oreal, Calvin Klein, Dolce&Gabbana маркаларымен жұмыс істеп қана қоймай, Victoria`s Secret компаниясымен келісімшартқа отырған. Ал бұл фирманың періштелері аз қаламақы алмайды.

Бойы – 178 см, параметрлері – 88х62х92

4-орын Адриана Лима

Бразилиялық топ модель Адриана Лима үздіктердің қатарына дөп басып кірді. Өзіне лайық 4-орынға 7 млн доллар табысының арқасында жайғасты. Мұндай зор табысқа ол бірден қол жеткізген жоқ. 2005 жылы табысы 5 млн доллар болатын. 2007 жылы Адриана Victoria`s Secret-тің періштесінің бірі атанып, табысын 6 млн долларға көтерді. Дағдарысқа толы 2008 жылдың өзінде Лиманың қаламақысы басқалар күткендей өзгерген жоқ.

Мұндай табысы бар модель көрсетілімдерде де бағалы киімдер киеді. Victoria`s Secret-тің іш киімдер көрсетілімінде модель 5 млн доллар тұратын төстартқыш киген. Шедеврлі бұл іш киім 34 рубин, 3575 қара бриллиант, 117 ақ бриллиантпен әшекейленген еді.

Бойы – 178см, параметрлер – 86х58х90

3-орын Кейт Мосс

Қола орынды өзінің 7,5 млн доллар табысымен шатақ шығарғыш Кейт Мосс иеленуде. Модель параметрлерге еш сәйкес келмейтін дене бітіміне қарамастан үлкен көлемде қаражат таба білді. Ол модельдердің бойының міндетті түрде ұзын болуы шарт емес екендігін дәлелдеді. Өзінің бойы небары – 168 см ғана. Кейт Мосс – аңызға айналған табыстардың иесі атанған алғашқы модельдердің бірі.  90 жылы Calvin Klein-дегі жұмысы үшін 4 млн доллар алған болатын. Бұл ол кездері үлкен ақша. 1995 жылы Кейт Мосстың бір сағаты 10 мың долларды құрады. Бірақ, ең көп алған қаламақысы – 5млн доллар.

Соңғы кездері Кейт Мосс сән қойылымдарынан көрінбейді. Есесіне үлкен сұранысқа ие Topshop деп аталатын киімдер топтамасын шығаруда.

Бойы - 168, параметрлері -  83х58х88

2-орын Хайди Клум

Күміс орынды аты аңызға айналған Хайди Клум иеленді. Оның жылдық табысы 20 млн долларды құрайды. Хайди Клум - Victoria`s Secret-тің ұзақ мерзімде қызмет жасаған періштесі. Бұл марканың іш киімін 13 жыл қатарынан таныстырған болатын. Алғашқы алған қаламақысы – 300 мың доллар. Қазір бұл сома әлдеқайда өскен. Модель күніне 80 мың доллар алады. 36 жастағы Хайди Клум соңғы жылдары тек қана модель емес, табысты бизнес ледилердің бірі. Ол өзін көп салаларда сынап көрді. Телебағдарламалардың жүргізушісі әрі продюсері болып та көрді. Хайдидің ең табысты жобасы – «Подиум». Мұнымен қоса модель англиялық New Balance компаниясымен бірігіп спорттық киімдер шығаруда. Өзіне тиесілі джинс киімдер бренді мен косметикасы бар. Модельдің өзі өмірдегі ең үлкен табысым деп тәрбиелеген 4 баласын айтады.

Бойы – 178см, параметрлері – 94х65х98

1-орын Жизель Бундхен

Рейтінгіміздің лидері – жарқыраған Жизель Бундхен. Бұл модельден ақша табудың жолдарын үйренуге болады. Оның жылдық табысы 45 млн доллар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 есе көп. Бір көрсетілімге шыққаны үшін Жизель кем дегенде 50 мың доллар алады. Кейде 250 мың доллар алатын көрсетілімдері болады. Басты қызметі компаниялардың жарнамалық роликтеріне түсу. Жизель түскен роликтен кейін ол тауардың сұранысы өсе түсетіндіктен, үнемі осы модельді шақыруды жөн көреді. Мысалы, Бундхенде Pantene жарнамасына түскен соң сатылым 40 пайызға өскен. Dolce&Gabanna, Versace Valentino,  Ralf Loren, Gianfranko Ferre сынды атақты сән көрсетілімдеріне қатысқан. Жизель «Дьявол носит Prado», «Нью-Йорк таксиі» фильмдерінде ойнаған. Мұндай табысымен Жизель Бундхен рейтінгіміздің бірінші орнына әбден лайық.

Бойы – 180см, параметрлері – 86х61х86

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

 Сурет:ubiznes.ru

Қ. Бүйенбай