- Негізгі бет
- Сән
- Әлемдегі ең үлкен...
Әлемдегі ең үлкен көйлек
Кәріс дизайнері, тігінші Ааму Сонг әлемдегі ең үлкен көйлекті көпшілікке таныстырды. 550 метр матадан тігілген қызыл көйлек рекордты жаңартқан көрінеді.
Модельер көйлектің жеңдерін ұзын қылып, кеудесін V-түрді ойықпен сәндеді. Көйлектің атын "REDDRESS" (қызыл көйлек), көйлектің түсіне байланысты. Хельсинки қаласында тігілген көйлек Лондон мен Нью-Йорктегі дизайн фестиваліне қарасты көрмелерде баршаға таныстырылды. Арт-инсталяция кезінде көйлектің "қалталарына" 238 адам отыра алады екен.
Көйлектің етегі 10 метр айналаға әдемі жайылады. Биіктікте орналасқан модельдің көйлегінің басты бөлігіне 3 метр мата кеткен екен. Ааму Сонгтың айтуынша, бұндай туындыны тігуге оны музыка шабыттандырды. Сондықтан оның ерекше көйлегі музыка туындысының дыбысындай өзімен өнер әлеміне толқытып әкетеді дейді ол.
Айта кетсек, көйлек Гиннес рекордтарының кітабына енуге тиіс.
Көйлек жайылған күйінде үлкен бөлмеге әрең сыяды.
Көйлектің басты бөлігі ағаш қаңқаның үстінде тұр.
550 метр мата ысырап болған емес, себебі көйлек жаңа рекордты орнатты.
"Көйлекк тігуде мені шабыттандырған музыка" - дейді дизайнер.
Бұндай көйлектің нағыз орны - мұражай.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: vk.com
С. А