- Негізгі бет
- Сән
- Әлемдегі ең сұлу...
Әлемдегі ең сұлу әйел
«People» журналының сыртқы мұқабасына шығу – әрбір жұлдыздың арманы. Ал, атақты актриса Джулия Робертс болса араға 26 жыл салып, екінші рет "Ғаламшардың ең сұлу әйелі" атағына иемденіп, суреті журналдың алғашқы бетіне орналастыі.
Ол туралы халық не айтпады: сұрықсыз бейне, тым арық, «ырбиған ерін». Барлық күлкі мен мазаққа қарамастан 49 жасар актриса өзінің табиғи сұлулығы арқылы әлемді тағы мойындата алды.
1988 жылы
Әлем актрисаны енді танып жатқанына қарамастан, оның сұлулығына тамсанған.
1990 жылы
«Сұлу» («Красотка») фильмі Джулияға атақ-даңқ алып келді. Тіпті «Ең үздік әйел рөлі» номинациясына ұсынылды.
1993 жылы
26 жастағы Джулия өз құрдастарынан әлдеқайда жас көрінеді.
1997 жылы
30 жастағы Джулияның бойындағы жастық жалынды өшіру мүмкін еместігін сұлу күлкісі деледейтіндей.
2001 жылы
«Оскар» жүлдесін иемденген актриса бояусыз да өзінің сұлу қалпын сақтап қалған. «Макияжсыз жүре алмаймын» дейтін бүгінгінің қыздары үшін табиғи сұлулықтың алтын үлгісі.
2007 жыл
40 жасқа келген актрисаның сұлулығы сізді тәнті етпей қоймас. Секпілге бейім бет терісіне ылғи күтім көрсететін актрисаның басты қаруы күн көзінен қорғайтын майлар екенін білесіз бе?
2010 жылы
Актриса бір сұхабатында «Қасыңызға арналған сия мен қасыңыздың пішінін дұрыс келістере алсаңыз, артық косметиканың керегі жоқ»,– деген болатын.
2017 жылы
Өзінің жас бәселекелестеріне қарамастан «ең сұлу әйел» атағын алу өте зор мақтаныш. Актрисаның еңбегімен қатар, сұлулығын бағалаған әлемде өмір кешіп жатырған Джулия қандай бақытты.
Т. Есқали