Әлемдегі ең қымбат крем қанша тұрады деп ойлайсыз? $500 ма? Shiseido атты танымал жапондық косметикалық компания $13230 тұратын крем шығаратын болады.
La Creme атты крем Shiseido компаниясының 30 жылдығына орай шығарылады. Кремнің құтысы хрусталь мен платинадан жасалынып, 50 грамы $13 230 тұрмақ. Оның әр грамы $265 тұратынын есепке алсақ, бұл кремнің 1 грамы алтыннан да қымбат болғаны. Өнімнің жарнамасында танымал әртіс Аманда Сейфрид түсті.
Крем тамыздың 30 жұлдызынан бастап шығарылады. Shiseido жапондық косметикалық дүкендердің жеке тапсырыстарыyн күтуде. Алғашында компания 3 дана крем жасап шығармақшы. Сұраныс саны бұдан көп болса, Shiseido жеребе салмақ.
Shiseido компаниясының жылдық сатылым көлемі $8 млрд. құрап отыр. Жапондық компанияның басшыларының айтуы бойынша жаңа өнім сұранысқа ие болуы керек. Крем теріні тартып, керемет ылғалдандырады деседі, алайда оның құрамы көпшілікке жарияланбай отыр.
Сонымен ең бақытты жандар La Cremeді косметикалық дүукендерден 21 қыркүйектен бастап көре алады.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: fashiontime.ru