Сән индустриясында оны «алтын аяқты қыз» деп атайды. Ол — ағзаға гигиеналық тампон арқылы түскен жұқпа кесірінен аяғынан айырылған америкалық модель Лорен Вассер.
2012 жылы Лорен қолданған тампоннан оған стафилококк жұққан болып шығады. Бактерия жұқпалы-уытты шок тудырады. Алғашқы белгілері тұмауға ұқсайды, алайда қыздың хал-жағдайы нашарлай береді. Ол жүрек ұстамасынан соң жансақтау бөлмесінен бір шығады, содан соң оның аяғын гангрена (тіндердің шіруі) зақымдайды. Оның оң аяқ табанын және балтырының бір бөлігін, сондай-ақ сол аяғының башпайларын кесіп тастайды.
Дәрігерлер сол аяғында кесуды ұсынады, бірақ Лорен оны сақтап қалуға үміттенеді. 2017 жылдың қараша айында модель өз өмірі жайлы InStyle баспасына берген сұқбатында былай дейді:
«Менің сол жақ табанымда ашық жара бар, өкше мен башпайларым жоқ. Бірнеше айдан кейін бұл аяқты да кесу керек. Басқа амал жоқ».
Лорен америкалық басшылықты әйелдерге арналған гигиеналық өнімдерді өндірушілерге олардың құрамында қолданылатын компоненттерді және олардың денсаулыққа мүмкін залалын ашық айтуға міндеттейтін заң-жоба қабылдауға шақырды. 1997 жылдан бастап Конгресс бұл заң жобаны 10 рет қарастырып, әркез одан бас тартты.
Жылына тампон қолданатын әр жүз мың американдықтың 3-4 жағдайында жұқпалы-уытты шок кездеседі. 1980-жылдары одан 38 әйел қайтыс болған.
Лорен бір жылдай мүгедектер арбасында отырған. Ол депрессиямен күресіп, қайтадан өмір сүруді үйренеді. Лорен қалпына келген соң модельдік мансабын жалғастыруды қолға алады.
Қазір Лорен атақты брендтердің жарнамалық компанияларымен белсенді жұмыс істейді, журнал беттеріне суретке түседі, модель ретінде подиумдарға шығады және нашар жұмыс істейтін тампон өнідірушілерімен күрес жүргізеді. Тампон өндірісіне диоксин, синтетикалық талшықтар, химиялық хош иістендіргіштер және басқа да зиянды компоненттер қолданылады екен. Ал олар әйел денсаулығына қауіпті.