Әйгілі "Әлем аруы - 2012" байқауына қатысатын арулар тізімі анықталды.
Әлем аруы байқауының 62-ші сайысы 2012 жылдың 18 тамызында ҚХР, Ішкі Монғолия, Ордос қаласында өтеді. Жарыс аяқталғаннан кейін 2011 жылғы жеңімпаз венесуэлалық Ивиан Саркос жаңа Әлем аруына тәж кигізеді. Жылда өткізілетін бұл шараға басында 120 елдің сұлулары қатысады деп жоспарланған екен. Бірақ Кейін Норвегия елінің аруы байқауға қатысудан бас тартқан. Ерекше атап өтетін елдер - бірінші рет қатысайын деп отырған Өзбекстан, Руанда, Шығыс Судан және Экваториалды Гвинея.
Биылғы байқауда Қазақстанның намысын 17 жасар Талдықорғандық Төлеуова Айнұр қорғайтын болады.
Былтырғы жеңімпаз венесуэлалық Ивиан Саркос
Додаға қатысатын сұлулардың суреттері:
Сент-Кристофер және
Невис федерациясы аруы
Шығыс Африка аруы
Қазақ қызына демеу көрсетіп, ерекше жақтайтынымыз анық. Оның жанымызға ыстық екені сөзсіз. Алайда одан басқа қай сұлуға дауыс берер едіңіз?
Суреттер: tengrinews.kz, globalbeauties.com, kt.kz.