Коронавирус бәсеңдемек түгілі, жаңа штаммдарының толассыз пайда бола беруі бар әлемді шаршатқаны анық. Әсіресе, бұл дәстүрлі қысқы сән апталықтарында байқалды. Себебі, сыртта қар жауып тұрғанына қарамастан, сән әлемінің майталмандарының бірі қалмай бәрі түрлі-түсті реңдегі сырт киімдермен келіп, өздерінің де, оларды эфирлер мен әлеуметтік желілерден көретін өзгелердің де көңілін көтеруге тырысты. Шоулардың қонақтарына қарап, алдағы көктемде не сәнге айналатынын елестету қиын емес. Біз сізге осы мақалада ұсынып отырған стритстайл жұлдыздарының суреттеріне қарап, наурыздан бастап кигіңіз келетін сырт киімдер тізімінен тұратын wish-list жасаңыз.
Наталья Водянова мен Антуан Арно/www.thesaxon.org
Апельсин немесе сәбіз түсті пальто
Сән әлемінің жарқын жұлдызы Вирджил Аблоның соңғы топтамасының көрсетілімінде Наталья Водянова (күйеуі Антуан Арномен бірге) қызғылт сары түсті пальто киіп барды (айтпақшы, бұл Вирджил өз брендінің коллекцияларында жиі қолданатын Off-White-тың фирмалық қызғылт сары түсіне ұқсайды). Гардеробыңызға жарқын палитра қосу - бұл көктемгі көңіл-күйді жақындатудың ең оңай жолы. Сондықтан, апельсин шырыны бақыт гармонын қалай бөлсе, ол түсті киім де оң әсерін береді.
Бирюза түсті, көгілдір немесе жалбыз түсті күрте
Сара Андельман, аты аңызға айналған Колеттің бұрынғы креативті директоры әлі күнге дейін Париждік концепт-стордың фирмалық түсін еске түсіретін көк палитраның түрлі реңдерін жақсы көреді.
Ол әрқашан аталған түсті түрлендіре отырып киеді - мысалы, бұл суретте ол көгілдір және жалбыз түсті реңдерді біріктірген.
Сән жұлдызы суық палитраны қатаң сақтаса да, комбинацияны іш пістырардай деуге келмейді. Сара әрқашан үлпілдек юбкаларды кроссовкалармен кигенді ұнататын, ал бұл образда ол үстіне қалың күрте кию арқылы оны әсерлі ете түскен. Көктемнің алғашқы айларына арналған тамаша нұсқа. Тіпті, 8 наурызға таптырмас образ.
Эужени Трошю ACIELLE / STYLEDUMONDE
Ретро стильдегі бомберлер
Өткен жылы Vogue журналының француз нұсқасының басшылығына келген Эужени Трошю жарқын әрі колоритті сырт киімдерді жақсы көреді. Бұл суретте де ол түрлі принттермен көркемделген ретро стильдегі бомбер киген.
Ол бір қарағанда базалық киім болмаған себепті еш нәрсемен үйленспейтіндей көрінуі мүмкін, бірақ, іс жүзінде оны кез келген нәрсемен - шалбармен және жилетпен, сусылдақ матадаг тігілген көйлектермен немесе тіпті романтикалық суреттермен кестеленген сарафандармен де үйлестіруге болады.
Каролин де Мегрэ ACIELLE / STYLEDUMONDE
Крем түсті пальто
Каролин де Мегрэ, әдеттегідей, париждік стильге адалдық сақтаған. Суретте көріп отырғаныңыздай, тік пішімді, маскулин иықты орташа ұзындықтағы пальто - француз әйелдерінің классикалық сырт киімі. Бұл тіпті күнделікті образды элегантты ететін жақсы қасиетке ие. Әсіресе, оған ер адамдардың сағаты мен оксфордтарын қоссаңыз, нағыз париждік шик өкіліндей боласыз.