"АҚШ аруы"– үндістандық қыз

Нина Давулури АҚШ-тың ең сұлу аруы атанды, деп хабарлайды РИА жаңалықтары.

"Америка аруы" байқауы Нью-Джерсидегі Атлантик-Ситиде өтті. Мұнымен қатар, ауқымды байқаудың финалына қытайлық ару Кристалл Ли өткендігін атап өтуіміз керек.


Сайыстың қорытындысы жарияланатын сәтте, Давулури сахнада тұрған қос арудың Азия құрлығынан екендігін атап айтты.

Жеңіске қол жеткізген Давулуриге 50 000 көлемінде ақша ұсынылды. "Америка аруы" 15 жылға жуық кәсіби бимен айналысып келген, болашақта дәрігер болғысы келеді.


Сайысты ұйымдастырушылар: "Атақты тележүргізуші Джулия Ченнің азиялық көздерін пластикалық жолмен өзгерткеніне көзқарасыңыз қандай?" деген сұрақ қойғанда, Давулури былай деп жауап қайырған: "Менің ойымша, сұлулықтың өлшемдері болмайды, тек әдемілікті түрлендіре түседі. Әр елдің өз сұлуы бар. Ал бет-әлпетін жасанды жолмен өзгерту арқылы өзін бақытты сезінсе, солай жасауға әр адамның құқығы бар".

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: РИА Жаңалықтар