- Негізгі бет
- Сән
- Ақ футболканы қандай...
Ақ футболканы қандай киімдермен үйлестіріп киюге болады?
Ақ футболка көп қыздың гардеробынан табылуы мүмкін. Ол кез келген образды толықтыра алады. Оның мойны дөңгелек, V тәрізді, слим-фит, оверсайз, етегі қысқа, классикалық ұзындықтағы сынды бірнеше түрі бар. Ал қай түрін таңдап киетініңіз өз еркіңізде. Назарларыңызға ақ футболканы түрлендіріп киюдің 7 нұсқасын ұсынамыз.
Look 1
Күннен қорғайтын FENDI көзілдірігі, EUGENIA KIM бас киімі, ZADIG бәтеңкесі, TOPSHOP кимоносы, RAG&BONE ақ футболкасы, CURRENT ELLIOT қысқа балақ шалбары, GUCCI сөмкесі, J CREW алқасы
Жаз – нағыз фестивальдардың уақыты. Оpen-air кезінде киімнің ыңғайлылығы сұлулықтан да маңызды болуы тиіс. Күннен қорғайтын көзілдірік пен шляпа ыстық ауа райынан қорғаса, бәтеңке ұзақ жүруге мүмкіндік береді. Ал ақ футболка осы элементтерді бір образдың аясында жинақтауға көмектеседі.
Look 2
SOPHIE BILLE BRAHE білезігі, ZARA крассовкісі, MCQ ALEXANDER MCQUEEN джинс шалбары, HMPROD жакеті, RAG&BONE ақ футболкасы, LOEFFLER RANDALL сөмкесі
Қалалық қыздар бойфренд джинс шалбарымен крассовканы киюді әлдеқайда сәнге айналдырған. Дұрыс таңдалған ақ футболка денеге қажет мөлшерде ауа өткізіп, ал иыққа киілетін жакет өз кезегінде кеңсе образын қалыптастыруға көмектеседі.
Look 3
TOPSHOP камбенизоны, Proenza Schouler ақ футболкасы, Marc by Marc Jacobs күннен қорғайтын көзілдірігі, 3.1 PHILLIP LIM арқаға асатын сөмкесі, MOTHER OF PEARL кеды аяқ киімі.
Арнайы жүргізген сауалнаманың нәтижесі бойынша, джинс камбенизондар жігіттердің қыздардың үстінен мүлдем көргісі келмейтін киім екені анықталды. Жігіттердің осы қарсылығына қарамастан, бірнеше маусым бойы сәнге айналуда. Олай болса, оны ақ футболкамен және аксессуарлармен үйлестіріп киіңіз.
Look 4
STELLA JEAN футболкасы, MARNI аяқ киімі, RAG&BONE ұсынған ақ футболка, MANGO арқаға асатын сөмкесі, күннен қорғайтын PRADA көзілдірігі
Түрлі-түсті этникалық принті бар белдемшені ақ футболка мен нәзік әшекейлер және жәй табан аяқ киім толықтырады. Мұнымен қатар образды ашық түсті әйнегі бар көзілдірікпен толықтыруға болады. Образдың детальдары аз болғанына қарамастан, есте ұзақ уақыт сақталады.
Look 5
PAUL&JOE кюлоты, RAG&BONE ұсынған ақ футболка, GIANVITO ROSSI туфлиі, TOPSHOP бомбері, JIMMY CHOO сөмкесі, Maria Stern білезігі
Жаз мезгілінде ақ пен қара түсті үйлестіріп кию жаңашылдыққа айналуда. Олай болса, ультрасәнді кюлотты ақ футболкамен киіп көріңіз. Үлкен шалбар мен тар кеудешені биік өкшелі аяқ киіммен киген жөн.
Look 6
J. CREW шалбары, LOUBOUTIN туфлиі, NEKTAR DE STAGNI сырғасы, RAG&BONE ақ футболкасы, ACNE жакеті, DUNE ұсынған клатч
Глэм-рок стиліндегі ерекше образ жазғы бастаңғыларға арналған. Алтын түстес жакет ақ футболкінің арқасында қарапайым көрінеді.
Look 7
MAX&CO бомбері, RAG&BONE ақ футболкасы, CHRISTOPHER KANE белдемшесі, OSCAR DE LA RENTA туфлиі, CHARLOTTE OLYMPIA қол сөмкесі
Қыз баласына нәзіктік жарасады десек те, кейде ашық түсті киімдер тым артық көрінуі мүмкін. Осындай жағдайға тап болмас үшін спорттық элементтерді қосқан жөн.
Сізге қай образ ұнады?
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: Ольга Чуковская, вк желісінен
Қ. Бүйенбай