- Негізгі бет
- Сән
- Адам шашынан жасалған...
Адам шашынан жасалған аяқ киімдер
Тайваньдық шаштараз кесілген шаштардан аяқ киім жасауды табыс көзіне айналдырды. Әртүрлі сайыстардан жеңіске ие болған 54 жастағы шаштараз әйел бағын етік жасаумен сынап көрген екен. Адамның шашын пайдаланып биік өкшелі аяқ киім жасаған. Бұдан өзге Цай Шию-инг (Tsai Shiou-ying) осы материалдан мүсіндер мен танамоншақтар (брошка) жасауда.
«Өз басым биік өкшелі аяқ киімдерді жақсы көремін. Өкінішке орай, оларға тамсана қарауға ғана мүмкіндігім бар. Оларды кие алмасам да, өзгелердің ерекше түрін киіп жүргендерін қалаймын», - деп түсіндіреді Цай. Бір жұп аяқ киімді жасау үшін бір ай уақыты кеткен. Оған барлығы үш адамның шашы қажет болды. Цайдың айтуынша, шаш беруге достары мен көршілері келісімін берген.
Қазіргі таңда Цай Шию-инг адам шашынан көйлектер құрастыруды ойлап жүр. Коллекция жинаушылардан ұсыныс түскеніне қарамастан, өзінің бірейгей туындыларының мұндай мақсатта сатылмайтындығын айтуда.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: mirfactov.ru
Қ. Бүйенбай