Қазір қыстың соңғы айы. Дүкендерде қысқы киімдерге үлкен жеңілдіктер жүріп жатыр. «Қыстың қамын жаз ойла» дегендей қол боста дүкендерді аралап, кейбір заттарды алуға болады.
Мысалы, әлі бір-екі маусым пайдалануға болатын оверсайз пальтоларды, классикалық стильдегі костюмдерді, тоқыма свитерлерді, етік, сөмке, былғары қолғаптарды алып қойсаңыз, келесі қыста қызығын көресіз.
1. Оверсайз пальто барлық пішіндегі: «алмұрт», «алма», «банан», «құмсағат» қыз-келіншектерге қона кететін киім. Тек өзіңізге жарасымды түсін таңдасаңыз болғаны. Пальтоны әкеліп, сыртынан мақта матасынан жасалған қап кигізіп, шкабыңыздың түкпіріне іліп қойғаныңыз жөн.
2. Классикалық стильдегі костюмдер ешқашан сәннен түспейді. Сондықтан жеңілдікті пайдаланып, өзіңізге жарасатын бір-екеуін алып қойғаныңыз артық емес.
3. Тоқыма свитердің қысқа түрін жұмысқа, ал ұзындауын демалыс кезінде кие аласыз. Сондықтан табиғи жүннен тоқылған свитер, жемпірлерге жеңілдік болса, ұзақ ойланбай ала салғаныңыз абзал.
4. Былғарыдан жасалған етіктер маусымы өткеннен кейін үлкен жеңілдіктерге ие болатынын көріп жүрген шығарсыз. Егер өз өлшеміңізді тапсаңыз, неге алмасқа?
5. Әрбір әйел затының аксессуары қымбат болғаны жөн. Сондықтан былғары сөмке мен қолғапты жаңалаудың еш айыбы жоқ.
Ажарлы ару қаржысын да ақылмен жұмсай алады. Сәттілік тілейміз!
Сурет: Хан Османов
Оқи отырыңыз:
Секонд хэнд туралы не білесіз?
Ақшаны үнемдей отырып қалай әдемі киінуге болады?
Соңғы сәнмен киіну неліктен ерсі көрінеді?
Сұлу да сымбатты көрінудің жолдары #3