Белгілі журналист Аликс Браун XX ғасырдағы сән көрсетілімдерінің белгісіз суреттерінен топтастырылған кітап шығарды.
Runway: The Spectacle of Fashion кітабы – ғаламтор болмаған замандағы сән көрсетілімдерінің айрықша атмосферасына бойлататын саяхат құралы. Өткен ғасырда сән әлемінің билеушілері саналған Раф Симонс, Александр МакКуин, Хуссейн Чалаян, Джон Гальяно және басқа дизайнерлер көрсетілімдерінің бұрын соңды жұртшылық назарына ұсынылмаған суреттерін топтастырған Аликс Браун осы кітап арқылы құнды деректі ақпарат ұсынып отыр.
Қазіргі әлеуметтік желілер заманында көрсетілімдер құпия қала алмайды. Ал, XX ғасырдың жөні бөлек еді. Браун көрсетілімдерге алғаш 90-шы жылдары бара бастаған. Ол кезде қойылымға шақырылмаған адамның оны көруге еш мүмкіндігі жоқ еді. Шара өткеннен кейін The New York Times немесе Women's Wear Daily басылымдарында бірнеше сурет қана шығатын.
Runway: The Spectacle of Fashion кітабы – ауқымды фото зерттеудің нәтижесі. Ол John Galliano, Raf Simons, Helmut Lang және басқа да сән көрсетілімдерін көру мүмкіндігін ашу үшін ескі дискеттерден ақпарат алуға тырысқан. Кітаптағы суреттердің көпшілігі алғаш рет шығып отыр.