Осыдан 1 ай бұрын Vogue Italia журналының редакторы, белгілі тұлға Франка Соццани бақилық болғаны туралы мәлімет берген болатынбыз. Ол сән інжілінің әлемдік fashion-өндірістегі келбетін қалыптастырып, сол жолға 28 жыл өмірін арнаған болатын.
Енді Журнал редакциясын басқаруда Соццанидің орнын басатын жаңа редактордың есімі белгілі болып отыр. Сонымен, Vogue Italia және L'Uomo Vogue журналдарының басшысы ретінде Эмануэле Фарнети мырза тағайындалды. Бұрын соңды сән журналын басқарған ер адамдар көп болмағанымен, олар бірегей тұлға ретінде сән әлемінің жаршысына айналды. Мысалы, Париждік Vogue журналын 25 жыл бойы Мишель де Брюнхофф басқарды. Ол – ғасырдың ең танымал тұлғаларының бірі болатын. Белгілі кутурье Кристиан Диормен дос болып, Ив Сен Лоранның жолын ашқан да осы адам. Қазіргі редакторлар ішінен тайландтық Vogue журналын ғана Куллавит Лаосуксри есімді ер адам басқарады. Енді ер адам басқаратын сән журналы қатарына Vogue Italia да қосылды.