- Негізгі бет
- Сән
- Teenager стилі қандай...
Teenager стилі қандай болады?
Teenager (ағылшын тілінде) деп 13-19 жас аралығындағы қыз балалар мен ұлдарды атайды.
Киімдері, шаш үлгілері, тіпті жүріс-тұрысы да өзгеріп сала береді. Кейбіреулері ешкімге ұқсамау үшін әдейі дараланса, екіншілері соларға еліктейді. Үшіншілері бейформалдарға ереді. Әйтеуір көбісін ата-аналары мен туған-туысқандары танымай, шошып жатады.
Әлем-жәлем шаш пен ауы салбыраған шалбар жасөспірімдердің көпшілігіне тән деуге болады.
Негізінде стилистер мен дизайнерлер жасөспірімдерге арналған стильді де ұсынып жатады. Сондықтан мамандардың кеңесіне құлақ асқан жөн секілді. Себебі талғам, эстетика, сұлулық деген ұғымдардың не екенін жастай меңгерген абзал.
Жаз кезінде тинейджерлердің көбі кең майка мен қысқа шорт немесе мини белдемше киюден әрі аса алмайды. Әрине өте ыңғайлы киім, дегенмен сәнді әрі жарасымды киінгенге не жетсін!
Сонымен 2015 жылғы teenager стилі қандай?
Биылғы teenager стилінің басты жаңалығының бірі — жаккард матасы. Бұл матаны 1801 жылы Жозеф Мария Жаккар арнайы тоқып шығарған.
Бұрын жаккард матасы мақта, зығыр, жүн, жібек жіптерден тоқылса, қазір жаккард матасының құрамында табиғи матаға бергісіз, денеге жағымды жасанды талшықтар да кездеседі. Сондықтан жаккард материалы қымбат тұрады.
Жаккард матасынан тігілген көйлек
Сондай-ақ teenager стилінде принтті, бұршақ, ірі суреттер, т.б. әр алуан киімдер бар. Дей тұрғанмен біртегіс киім-кешек те жеткілікті. Дизайнерлер көңілге қуаныш сыйлайтын көк, қызғылт сары, қызғылт, жасыл түстерді ұсынады.
Тартан жейдені біртегіс қарындаш белдемше немесе керісінше, тартан белдемшесін бір тегіс жейде, топпен үйлестіру жасөспірімдерге оғаштау болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл образ өте сәнді көрінеді.
Аяқ киімдерден үйреншікті балеткілерден бөлек гладиатор сандалының әртүрлі нұсқалары, брикеншток, танкетка, т.б. киген жарасымды.
Нормкор стилі тинейджерлерді ересектерден ерекшелеп көрсететін болғандықтан, стилистер той көйлектерімен кеда, слипер, сникерс киюге кеңес береді.
Ф. Абилова