Pre-fall 2014 топтамасының үздіктері

Pre-fall 2014 топтамасының үздіктері

Біз көктемді аңсап жүргенде сән дизайнерлеріне бұл да аз болған сыңайлы. Олар келесі маусымның қамын ойлап, күзгі-қысқы киімдердің көрсетілімін ұсына бастады. Қалай болғанда да, әлі де алыс, бірақ бой бермей жақындап келе жатқан күзді әлемнің сән үйлері қалай елестететінін, көктемнің қандай трендтері кетіп, қайсы қалатынын, жалпы болашақта дизайнерлерден не күтуге болатынын білейік.

1. A LA RUSSE Anastasia Romantsova. Ресейлік дизайнер Анастасия Романцева мен оның орыс стиліндегі киімдер бренді соңғы кездері үлкен танымалдылыққа ие болып жүр.

Жаңа маусымда Анастасияның топтамасында қою шие түстер мен қою көк түстер басымдыққа ие. Және әдепкі Ресей тарихы тақырыбынан ауытқымаған.

2. Christian Dior. Парижде өткен сән апталығында сәнбикелер пастель түстер мен біркелкі түстер бір маусымнан да көп уақытқа қалатынын көрсетті, ал ашық көк – алдағы топтаманың негізгі түсі ғана емес, сән подиумының жартысы деуге де болады.

Мұнда бәріне ұнайтын тор да, былғары белдемше де (фасоны ерекше), көктем топтамасынан гүл сарынының өзгерген түрі де бар.

3. Carven. Тағы сол көк түс бұл сән үйінің топтамасында ашықтығын жоғалтып, қоюланып, сарғыш, қою сары және ақсары түстермен үйлескен. Сонымен қатар, дизайнерлер ерекше үлгідегі пальтоларды ұсынған.

4. Maison Martin Margiela. Бұл күңгірт, бірақ өте айқын киімдер бізге Нью-Йорк сән апталығы подиумынан келді. Топтаманың көп киімі тоқылған және кең болып келген, дәл күз мезгіліне сай.

5. Roberto Cavalli. Тағы да жануарлар сарынындағы киімдер (баяғы жолбарыс көш бастап тұр) біркелкілік арасында көздің жауын алмай қоймайды. Мұнда – түстер қанықтығы, былғары, хайуанаттар бағының жартысы мен оған қоса терісі де бар. Керемет көрініс.

6. Gabriele Colangelo. Бұл сән үйінің біртүсті, біркелкі топтамасына қарап, сұрдың сұрмен қалай керемет үйлесетінін тағы мойындауға тура келеді.

Нақтырақ айтсақ, бұл топтаманы дайындау барысында басты назар ерекшелікке қойылған сияқты. Мұнда бәрі ерекше: пішім, сырт киім үлгілері және ерекше аксессуарлар. Мысалы, мына сөмкелер бірден көзге түседі.

Сонымен қатар, ерлер детальдарының пішімі мен қатал стилі бірден байқалады. Жалпы топтаманың концепциясы осы қаталдыққа негізделген сыңайлы.

7. Creatures of the Wind. Бұл топтама да жұртшылықтың ерекше назарында. Ретро стиліндегі ерекше, оғаш топтама келесі жылы сұранысқа ие болатынына сенімдіміз.

Бренд атауына сай жеңілдік мен үлпілдекке тұнып тұр.

8. Kenzo. Кітап сөрелері фонында түсірілген жайлы түсті гаммаға негізделген тор-ұстамды топтама. Ашық түс ретінде күн-сары түс алынған екен.

Ал сізге қай сән үйінің топтамасы ұнады?

Сурет: vev.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina