Nude маникюры жайлы жазған болатынбыз. Айрықша байқалмағанымен, тырнақты күтімді көрсететін аталған маникюрді бүгін Массагет командасы жасап көрді.
Тырнақ егеуіш көмегімен тырнаққа пішін береміз. Артық өскінді алып тастап, тырнақты жинақы етеміз. Тырнаққа маникюрға арналған негіз жағамыз.
Лак толық кепкенше күтіп, кепкен соң, табиғи түсті лак жағамыз. Біздің таңдауымыз – ашық алқызыл түсті лак болды.
Бір қабаттап жаққан лак түсі мүлдем көрінбейтіндіктен, лакты тағы бір мәрте екі қабаттап жағамыз.
Лактың толық кепкенін күтіп, соңында қатырғыш лакпен бояймыз.
Nude маникюры дайын! Модель: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Ардақ Құлтай, Жолдас Өрісбаев
Автор: Мейіргүл Оңғарова
Ұқсас жазба:
Шаш өру үлгісі: Қарапайым өруді түрлендірейік