Mercedes-Benz сән апталығының екінші маусымы басталды

16 қазан күні Алматыда Mercedes-Benz Fashion Week Almaty сән апталығының екінші маусымы басталуына орай пресс-конференция өтті, − деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

Сән әлеміндегі Mercedes-Benz Fashion Week Almaty атты ең басты және ірі шараға Орталық Азия елдерінен Қазақстан бірінші болып қосылды.

17−19 қазан аралығында Mercedes-Benz Fashion Week шарасы өтеді. Бұл шара елімізде екінші рет қайталанғалы тұр. Бұл жолы да бас демеуші Mercedes-Benz автокөлік бренді болып келеді. Аталған шараның ұйымдастырушылары − Kazakhstan Fashion Institute-тың негіздеушісі Жанель Бертаева, Boulevard Magazine журналының баспагері Жамиля Абилова және Eat Models модельдер агенттігінің негіздеушісі Ян Рей.


Business of Fashion - 500 лауреаты, Nowfashion.com-ның видео-директоры, Mercedes-Benz Kiev Fashion Days-тың шығармашылық директоры Дарья Шаповалова осы шараның халықаралық өкілі болып келеді.

Mercedes-Benz Fashion Week Almaty-ның екінші маусымына Mechanical Piano, Sergei Shabunin, Айгүл Қасымова, Pentatonica, The Rolly Polly, Khan Kuchum атты қазақстандық дизайнерлер қатысады.


Бұл шараның ұйымдастырушылары пресс-конференцияда аталған апталықтың екінші маусымына узақ уақыт бойы дайындалғандарын айтты. Сондай-ақ, Қазақстан дизайнерлерінің топтамаларымен танысуға шетелден танымал сән дизайнерлер мен журналистер келді.

Бүгінде қазақстандық сән индустриясы өркендеп келеді. Бұған ат салысуда осындай шаралар өткізіліп жүр. Еліміздің отандық дизайнерлерін қолдайтын − халық. Сондықтан көпшіліктің көңілінен шығады деген үмітпен дизайнерлерге сәттілік тілейміз!

Арнайы Massaget.kz үшін: Фариза Әбілова

Сурет: @massaget.kz