- Негізгі бет
- Сән
- Mercedes-Benz Fashion Week...
Mercedes-Benz Fashion Week сән апталығының екінші көрсетілімі өтті
18 қазан күні The Ritz-Carlton Almaty-да Mercedes-Benz Fashion Week сән апталығының екінші көрсетілімі өтті, − деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.
Mercedes-Benz Fashion Week − еліміздегі көптен күткен шараларының бірі. Аталмыш шара Қазақстандық сән индустриясының дамып, өркендеп келе жатқанының бірден-бір дәлелі десе болады.
Аталмыш шараға қонақтар көбі "Street style" стилінде киініп келді.
Бүгін MBFWA-да Сергей Шабунин, The Rolly Polly, Aigul Kassymova, Alima, Teezar, Dinara Nurlan, Ink, Marie дизайнерлері топтамаларын ұсынды. Олармен кезекті материалымызда толығырақ таныса аласыздар.
Арнайы Massaget.kz үшін: Фариза Әбілова
Сурет: @massaget.kz
Ф. Абилова