Mercedes-Benz Fashion Week Almaty биылғы жылдың 24-27 сәуір күндері Алматы қаласында өткен халықаралық сән апталығы бірінші маусымының қорытындыларын жариялайды. Ұйымдастырушылар Fashion Scout London және Fashion Scout Kiev бағдарламалары өрісінде Лондонда, содан кейін Киевте өзінің жинағын көрсететін жеңімпазды анықтайтын болады.
«Біз үшін Fashion Scout бағдарламасы өте маңызды, себебі жас дизайнерлерге мұнда өздерін көрсетуге мол мүмкіндіктер жасалған. Бұл жоба fashion индустриядағы дарынды жас буындарды іздеу және оларға қолдау көрсету мақсатында арнайы құрылған. Бізден суырылып шыққан жеңімпазымыз сән әлеміндегі алғырлығы мен дарынының арқасында өзін де, елімізді де таныстыруға орасан зор мүмкіндікке ие болады», - дейді MBFWA бас директоры Жанель Бертаева.
Қазақстанда жас дизайнерлер, әйгілі сән әлемінің басылымдары мен халықаралық деңгейдегі fashion-брендтердің көбеюі елімізде сән индустриясын дамыта түсуде. MBFWA ұйымдастырушылары жас дарынды дизайнерлерді шетелде танымал бола алатын деңгейге жеткізу мақсатында арнайы бағдарламалар жасап отыр.
Ендігі кезеңде MBFWA жобасының бірінші маусымында өзінің сәндік жинақтарын ұсынған дизайнерлер S/S 2015 маусымына жаңа жинақтарын дайындайды. Mercedes-Benz Fashion Week Almaty және Fashion Scout оларға бірінші болып баға беретін болады. Дарья Шаповалова мен Мартин Робертс London Fashion Week аясында өткізілетін Fashion Scout Kiev шоукейсінде Қазақстанның атынан шығатын дизайнерді анықтайды. Аталған шоукейсте Мария Луиза, Сюзи Менкес және тағы басқа fashion-журналистер мен сән әлемінің инсайдерлері бой көрсетеді. «Fashion Scout London ұйымдастырған сән апталықтарында әлемге аты беделді David Koma, Felder Felder тағы да өзге дизайнерлер алғашқы қадамдарын басқан болатын. Украинаның ANNA K, Anna Ocober және Yasya Minochkinа секілді дизайнерлерінің қазіргі танымалдылығын ескерер болсақ, London Fashion Week бағдарламалары өрісінде әрбір жас дизайнердің маңызды екенін түсінеміз. Біз қазақстандық дизайнерлердің потенциалына сенеміз және Мартин Роберстің Қазақстаннан шыққан дизайнерлерге қолдау білдіріп жатқанына қуаныштымыз», - дейді MBFWA креативті директоры Дарья Шаповалова.
Қатысушылар мына сілтемені басу арқылы, негізгі бетке өтіп анкета толтыруына болады. Толтырылған өтінішпен бірге жаңа жинақтың кем дегенде 20 эскизі болуы керек. Оған қоса, алдыңғы жинағынан lookbook және брендінің тарихы болуы міндетті. Өтініштер 15 шілдеге дейін қабылданады.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: mbfwa.kz