Manolo Blahnik: Күздік коллекция-2014

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі сәнқой қыздар Manolo's жаңа коллекциясының шығуын тағатсыздана күтуде.

Жақында Нью-Йорк сән апталығының аясында дизайнер Маноло Бланик 2014 жылдың күздік аяқ киімдер топтамасын ұсынды. Дизайнердің аяқ киімдерді таныстыру көрсетілімі заманауи өнер көрмесінің ашылуы сынды өтті. Бірақ мұнда өнер туындыларының орнына күздік топтаманың үздік үлгілері көрсетілді.

Дизайнерлерге топтаманы жасауға ХІХ ғасырдың классикалық әдебиеті, испан мәдениеті мен Викториан дәуірі шабыт берген. Нәтижесінде, топтама біраз театрландырылған сипатқа ие болды.

Сәнді маталар – баршын мен атлас, бай әшекейлер мен биязы өкшелер – Моноло Бланик күздік топтамасының жалпы мазмұны.

Манолоның пікірінше, жаңа маусымда аяқ киімнің алтын мен күміс сияқты зергерлік металдардың бағалы реңктерімен бедерленген, баршынмен әсемденген, шілтер немесе жібек шашақтармен безендірілген және қолмен кестелеп тігілген қызыл түстің алуан түрлі реңкін таңдаған дұрыс.

Сонымен қатар, Маноло Бланик жақын досы Майкл Робертспен төрт қысқа бейнеролик дайындады. Роликтің әрқайсы Манолоның дизайнер болып қалыптасу тарихын бейнелейді: The Boy Who Made Shoes for Lizards — Бланиктің балалық шағынан естеліктерді көрсетеді, оның шығармашылық бастаулары мен Канар аралдарында табиғатпен үйлесім табуы, Walk With Me: A Victorian Ghost Story — Аманда Харлеч, Люси Бирлей және Олимпия Кембэллпен Англияның әсем көрінісінің аясында махаббаты жайлы сыр шертеді, Inspirations — Испанияның тарихи орындары және Гойя, Болдини мен Тиссо сияқты танымал еуропалық суретшілердің жұмыстары жайлы сөз қозғалады. Өйткені дәл осы туындылар аяқ киім шеберінің шабытына әсер еткен. Ал соңғы бейнеролик сахна сыртындағы шығармашылық процесс жайлы сыр шертеді.

Жақын болашақта дүкендер мен базарларда осы типтес туфлилердің көшірмелері пайда болмасына кім кепіл?..

Сурет: vev.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина