«Mango» брендінің жаңа топтамасы

«Mango» брендінің жаңа топтамасы

Испандық «Mango» бренді 2014-2015 жылдарындағы күз-қыс маусымдарына арналған жаңа топтамасымен таныстырды. Аталған топтаманың жаңа образдары көше стиліне сай келеді деп танылуда.


Mango дизайнерлері күзді спорттық стиль мен 60 жылдардағы гранж элементтерімен байланыстырды.


Жаңа топтамаға қысқа етекті піллә пальто, ұзартылған жакет, классикалық кардиган, қысқа жемпір, денимнен жасалған жейде мен комбинезон, трикотаждан тігілген көйлек, трапеция белдемше, балағы тар шалбар және қысқа кеудеше кіреді.




Түсіне келер болсақ, құм, сұр, қызыл, көк, ақ, қара және хаки түстері көп пайдаланылған. Мұнымен қатар табиғи мақта, поплин, былғары, жүн, трикотаж және букле маталары қолданылған.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: hoshu.ua

Қ. Бүйенбай