Кеше, 6 қыркүйекте Лос-Анджелестің «Стейплс-центр» спорткешені поп-музыка сүйгіш жандардың басын қосты. Бұл жерде әйгілі MTV Video Music Awards марапаттау рәсімін өткізді.
Айта кетсек, MTV Video Music Awards марапаты 1984 жылдан бері жалғасуда. Марапаттар ең жақсы деген бейнебаяндар үшін беріледі. VMA сыйы қолына MTV жалауын ұстап скафандр киген астронафт түрінде жасалған. Қазіргі таңда осы марапатты ең көп рет алған әнші - Мадонна болып отыр, оның сыйларының саны 21. Бритни Спирстың марапаттары одан 3-еуге ғана кем болса, Пинк пен Питер Гэбриэл сыйларының саны - 13. Ал әйгілі Леди Гага бірнеше жылда-ақ 12 марапатқа қол жеткізді.
Шашының сәнін қайта өзгерткен Рианна бұл жолы ұзын ақ көйлекпен шықты. 24 жасар әнші әрине марапатсыз қалған жоқ.
Халықтың сүйіктісі Пинк жиынға күйеуі Кэри Хартпен келді. 32 жасар әнші ұзын күміс түстес көйлек киіп келді. Ал сахнаға шыққанда Пинк тіпті бәрін таң қалдырды.
Кэти Перри Elie Saab-тың керемет көйлегін киіп келді. Ең үздік марапат саналатын "Жыл бейнебаяны" сыйлығы Кэтиға бұйырды. Бұл сыйды ол Wide Awake әніне түсірілген бейнебаян үшін алды. Айта кетсек, былтыр да ол осы марапатты Fireworks хитімен алған.
Тейлор Свифт бұл жолы аппақ шалбар, костюмін таңдапты.
Эмма Уотсон бұндай шарадан шетте қала алмады.
Алиша Киздің көйлегі әдеттегідей ерекше болды.
Кеша да батыл көйлек киюден қорықпады.
Сізге кімнің көйлегі ұнады?
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: woman.ru