18 қазан күні The Ritz-Carlton Almaty-да Mercedes-Benz Fashion Week сән апталығының екінші көрсетілімі өтті, − деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.
Mercedes-Benz Fashion Week − еліміздегі көптен күткен шараларының бірі. Аталмыш шара Қазақстандық сән индустриясының дамып, өркендеп келе жатқанының бірден-бір дәлелі десе болады.
2006 жылдың көктемінде Айгүл өзінің брендін ашу шешімін қабылдады. Сол жылы Aigul' Kassymova бренді Қазақстандық сән апталығында халық назарына ұсынылды. 2008 жылы жыл сайын Францияның Париж қаласында өтетін Le Bal de Paris қайырымдылық балында Қазақстанның атынан қатысқан еді. Отандық дизайнеріміздің MBFWA'2014-те ұсынған топтамасын тамашалаңыздар:
Айгүлдің дизайнерлік өнеріне қандай баға бересіз?
Арнайы Massaget.kz үшін: Фариза Әбілова
Сурет: @massaget.kz