18 қазан күні The Ritz-Carlton Almaty-да Mercedes-Benz Fashion Week сән апталығының екінші көрсетілімі өтті, − деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.
Бұл шарада Сергей Шабунин, The Rolly Polly, Aigul Kassymova, Alima және кіші подиум дизайнерлері топтамаларымен таныстырды. Олардың бірі Алима − Еуропадағы Марангони сән және дизайн институтының түлегі, 2011 жылдың 24 сәуірінде өзінің сән үйін ашты.
Назарларыңызға отандық дизайнер Алима Мұрзабекованың тамаша топтамасын ұсынамыз:
Бұл топтаманың басқаларынан ерекше шыққаны сөзсіз. Ал сізде қандай пікір туындады?
Арнайы Massaget.kz үшін: Фариза Әбілова
Сурет: @massaget.kz