Louis Vuitton-ның жаңажылдық топтамасы

Әлемдік атағы бар брендтер арасында Жаңа Жылдық науқан басталып үлгерді. Танымал сән үйлері жаңажылдық сыйлықтар топтамалары мен ерекше жарнамаларымен таныстырып жатыр. Атақты Француз бренді Louis Vuitton-ның жаңажылдық топтамасы ерекше шықты.

"Holiday 2013" деп аталатын жаңажылдық топтамада танымал сән үйі аяқ-киім мен аксессуарлар жиынтығын ұсынды. Жаңа сөмкелер, клачтар, әмиян мен галстук, қол сағаттары дәстүрлі Louis Vuitton стилінде орындалған. Жаңа Жыл мерекесі – саяхат үшін мінсіз кезең болғандықтан топтамаға Louis Vuitton-ның дәстүрлі үлкен жол сөмкелері де енді.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/GaHR9zEnaWc","width":"450","height":"350"});

Осы топтаманың  «Art of gifting» деп аталатын жарнамалық бейнебаяны да жарық көрді. Мұнда сән үйі сыйлықтарды ерекше әсемдеу жолдарын ұсынған. Жарнамада жаңажылдық топтаманы қаз бен қаз қауырсыны толықтырып тұрғаны ерекше көрінеді.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: cosmo.com.ua