Миландық фотограф Даниэль Таманьи Конгоға сапары барысында африкалық La Sape (Sapeurs)деп аталатын джентльмендерді кездестірген. La Sape (фр.Socit des Ambianceurs et des Personnes lgantes) Конгоның сәнді киінген адамдарынан құралған топ, негізін қалаған Стервосу Ниарчос. La Sape-тер сырт кимін таңдағанда үнемі Paul Smith тәсіліне мән береді. Сэр Пол Смиттің өзі осы джентльмендерге бола 2010 жылы Африкаға келген. La Sape өкілдерін кездестіріп қалсаңыз сәнқойлардан ұзақ уақыт көз ала алмайсыз. Себебі олар өте көркем киінеді. Кез-келген кішкентай детальдарға дейін мән береді: түс таңдау, қоршаған орта, қоғаммен үйлесімділік т.б. Мұндай сәнді киіну үшін уақыт, күш, ақшасын аямайтын адамдарды тіпті сән астанасы болып саналатын Парижде де кездестіру қиын. Бұл адамдардың ерекшелігі олар стиль таңдауда мәжбүрлікке бармайды, барлығы қарапайым, табиғатпен үндесетін тума таланттар. Костюм таңдауда табиғатпен үндесуі мінсіз. La Sape өкілдерін подиумға Пол Смит алып шыққан болса, Guinness-тің жарнама компаниясы олардың теледидарға шығуына жол ашып берген. Олар кедей мемлекетте, кедей құрлықта өздерін бай адамдардай сезінуді қалайды. La Sape-тер күніне 18 пенс жалақымен өмір сүреді.Sapeurs өкілдеріүшін киім таңдау өте маңызды. Арзан киімдерді кимейді, сапасыз матадан тігілген киімдерді кию құрметсіздік болып есептеледі. Бұл сәнқойлар киімді қайдан алады десеңіз көбісі бұрынғылардан мұра болып қалады екен. Сырт келбетіне қатты мән беретін La Sape-тер үшін негізгісі кастюм емес, костюм ішіндегі адам. Бұлардың қатаң заңдары бар адамдардың сізге қандай қарым-қатынаста болуы емес, сіздің олармен қандай мәміледе болуыңыз маңызды. Бұл топқа қосыламын десеңіз сізде салмақты мінез, ақылдылық, қарапайымдылық сияқты қасиеттері болуы міндетті.