Kenzo - жапондық бренд

Kenzo – жаңашылдыққа ұмтылатын, еркін, жарқын және өзіндік стилі бар әйелдерге арналған бренд.

Қашан және кім: Kenzo брендінің тарихы 1970 жылдан бастау алады. Дәл сол кезде жапондық Кензо Такада әлемге танылды: Парижде оның алғашқы дүкені ашылды, ал Elle журналында Kenzo сән үлгілерімен киінген модельдер шықты. 80-жылдардың соңына дейін Kenzo Үйі әйелдер мен ерлерге, балаларға арналған киім тігумен ғана айналысқан.

Бренд: 1988 жылы Кензо өндірісін кеңейтіп, әйелдерге арналған Kenzo de Kenzo деген атпен алғашқы иіс суын шығарады, ал 1991 жылы ерлерге арналған Kenzo pour Homme иіссуы жарық көреді.

Қанатты сөзі: «Сән бізге қиялдауға мүмкіндік беруі керек, өйткені біз армандармен өмір сүреміз» Кензо Такада.

Қызықты дерек: Кензо Такада сән астанасы саналатын Парижде мойындалған алғашқы жапон дизайнері.

Бренд беті: Kenzo Amour иіссуының беті болып модель Ольга Куриленко тағайындалған.

Бренд хиті: White Lotus желісінен бетке арналған сергітетін су – Eau Douce de Lotus Frais.

Қандай жұлдыздар пайдаланады: Монака ханшайымы Каролина, Изабель Аджани, Катрин Денев.

Суреттер: timeout.ru, solo-parfum.ru, amaliya-parfum.ru, vogue.ru, woman.ru