Kazakhstan Fashion Week. Сән көрсетілімі

Kazakhstan Fashion Week. Сән көрсетілімі

Алматыда өтіп жатқан Kazakhstan Fashion Week-тағы сәнді жаңалықтардан құр қалмаңыз.

Atelier Artisan

Atelier Artisan сауда белгісінің дизайнерлері Саят Досыбаев пен Алексей Чженнің топтамасы Kazakhstan Fashion Week-ты ашты. Табиғи маталар, дәстүрлі түстер осы топтамаға сай болды. 

Олардың топтамасында ерлер киімі болғаны қуантты.

BE ME

Гүлжанат Байгунакова мен Зарина Балфанбаева жас дизайнерлер жұбы көпшіліктің назарына былтыр қарашада шыққан еді. Биыл олар өнерлерін шыңдап, жаңа күз-қыс топтамасын ұсынды. Киімдерді тігуде қымбат маталар мен қиын тігін әдістерін таңдаған. Сондықтан да топтама ерекше салтанатты, қымбат көрінеді.

 

KETI CHKHIKVADZE 

Кети Чкхиквадзе грузиялық дизайнері Kazakhstan Fashion Week-тың қонақтарының бірі. Ол өзінің стиліне сай, ақ-қара, ұстамды, дәстүрлі киімдер топтамасын ұсынды. Басты аксессуар - белге байланған сөмке болды.

MECHANICAL PIANO 

Айгүл Қуандықованың бренді сөзсіз өз топтамасымен көпшілікті таң қалдырды. Ерекше боянған және біртүрлі өкшесіз аяқ-киім киген қыздардың киімі нағыз жоғарғы сәнді көрсетті.

KAMILA KURBANI 

Камила Мухамеджанова есімді қазақстандық дизайнердің киімдері әрқашан көптің арасынан ерекшеленіп тұратын. Осы жолы да Камила қуантып, мультигендерлі стильді басшылыққа алды. 

LARIYA 

Ағылшын дәстүрлері мен Шерлок Холмстан шабыттанған Лария Джакамбаева осы стильге сай киімдер ұсынды. 

 

Soul by Dennik Li

Латвиядан шақырылған дизайнер бір пішінді көйлектердің түрлі түстерін ұсынғандай болды. 

Lou Lou

Кештің тағы да бір қонағы тым жарқын түсті, күз-қыс топтамасына келмейтін киімдер ұсынды.

Жалғасы бар...

 

Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова

С. А