Кеше, 15 сәуір күні Орталық Азиядағы ең үлкен сән көрсетілім – Kazakhstan Fashion Week-тың бірінші күні өтті. Бұл салтанатты кешке бара алмай қалсаңыз, біздің фоторепортажды көріңіз.
Сәнді кеш дизайнерлерлердің, сәнқой арулардың, журналистердің үлкен ықыласына ие болды. 2013-2014 жылдардың күз-қыс маусым киімдерін көпшіліктің назарларына ұсынған дизайнерлер үшін бұл кеш ерекше болды.
Кеште арнайы бөлмеде дизайнерлердің киімін қарап, киіп, тіпті сатып алуға мүмкіндік берілді. Шоу-румда дизайнерлердің өздері туындыларын ұсынып отырды.
Отандық дизайнерлердің көбі табиғи маталарды таңдағаны қуантты. Ал стиль әр дизайнерде әрқалай болды.
Мысалы, Ерлан Жолдасбек милитари мен гламур стильдерін ұштастырыпты.
Соңғы кезде өте танымал саналатын шешілмелі жағалар да бар.
Кештің басты бөлігі - отандық дизайнерлердің киімдерін подиумда тамашалау болды.
"Kamila Kurbani" сән үйі
Кеште тайғанақ подиумда биік өкше киген модельдің құлауы да орын алды. Көпшілік жас аруға қол шапалақтап, демеу берді.
Осындай фэшн кеште еліміздің сәнқой жұлдыздары – Баян Есентаева, Айгүл Мүкей, Әсел Сағатова және басқалары болды.
LaRiya сән үйінің көрсетілімін танымал украиндық модель әрі әнші Кристина Межинская жапты.
Арнай шақырылған қонақ – блогер-фотограф Иван Родик.
Кеш Алматы қаласының ең сәнді деген қыздарын жинады.
Жалғасы бар.
Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова