Kazakhstan Fashion Week: 2013/2014 күз-қыс маусымы ашылды

Kazakhstan Fashion Week: 2013/2014 күз-қыс маусымы ашылды

Kazakhstan Fashion Week Орталық Азиядағы ең ауқымды, үлкен сән апталығы 2013/2014 жылдың күз-қыс маусымын ашты. 12 ақпан күні өткен пресс-конференцияда келер апталықтың талай қызық сырлары айтылып, бұл шарада қандай жаңалықтар болатыны талқыланды.

Саят Досыбаев – Kazakhstan Fashion Week-тiң бас продюссері және ұйымдастырушысы. Ол осы жылы шарадағы жаңалықтарды айтып, шет елдермен серіктестік қатынастарын атап өтті. Сондай-ақ биылғы Kazakhstan Fashion Week-қа танымал face-hunter Иван Родик келетінін айтты.

Камила Мухамеджанова "Kamila Kurbani" сән үйі атынан өз жиынтығын ұсынбақ.

Лария Джакамбаева ағылшын стилінен шабыттанып, Шерлок Холмс стиліндегі киімдер топтамасын көрсетеді.

Аида Қауменова "Ғажайыптар әлеміндегі Алиса" топтамасын ұсынбақ.

Айнұр Тұрысбек дәстүрлі стиль мен ұстамдықты дәріптемек.

Салтанат Баймұхамедованың сән үйі Шығыс әйелінің бейнесін сомдайды.

Бұл пресс-конференцияда отандас дизайнерлер қатысқан сыр мен сән ұштасқан кітаптың тұсаукесері өтті. Олардың айтуынша, гастрономия мен сән  – бір-біріне жақын салалар.

Құралай Нұрқаділова да Cheese Art  кітабына өз киімін ұсынды.

Ерлан Жолдасбек осы жолы милитари мен гламурды ұштастырған киімдерін көрсетпек.

Kazakhstan Fashion Week 15, 16, 17 сәуір күндері Алматыда өтеді. 

Массагет.кз Kazakhstan Fashion Week жаңалықтары мен көрсетілімдерінен хабар беріп, отандық және шет ел сән үй брендерінің туындыларымен таныстырып отырады.

Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова

С. А