Еліміздегі ең елеулі оқиғалардың бірі - Алматыда өтіп жатқан ұлттық сән апталығы өз мәресіне жетті деп хабарлайды, - massaget.kz тілшісі.
Mandarin Nurbaeva бренді әдеттегідей тоқылған киімдерді ұсынуда. Өткен жылы күз-қыс 2014-15 маусымына арнап 100% тоқылған өнімдер ұсынған еді, 2015 жылдың көктем-жаз маусымына «The moving paintings» атты эксперименталды топтама ұсынуда.
Дизайнер Мадина Нарбаева өзінің топтамасы туралы: «Топтаманы жасап шығаруыма көше суретшілері себепші болды. Біреудің үйін немесе көрме залын безендіруге болатын картиналармен не себепті киімдерді де безендірмеске деген ой келді. Жыл сайын түрлі принттер сән әлемінің төрінен орын алады. Әдетте киімге суретті техниканың көмегімен салады, ал біз оны кәдімгі қылқаламмен, бояумен салуды жөн көрдік. Біздің топтаманың барлық заттары 100% қолдан жасалған», - дейді.
Қазақстан сән апталығының соңғы, яғни үшінші күнінде көпшіліктің назарына "Aida Kaumenova", "Tamara Lamanukaeva", "Endorfin", "Anastasiia Ivanova", "Akananita", "Mandarin Nurbaeva", "T.Tsoi", "Irina Asherbekova", "Gizi" сынды брендтер топтамасы ұсынылды.
Арнайы massaget.kz үшін: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: massaget.kz