KFW: «Endorfin» бренді өз қалауымызша киінуді ұсынды

KFW: «Endorfin» бренді өз қалауымызша киінуді ұсынды

«Endorfin» бренді Ольга және Таня есімді дизайнерлерге тиесілі. Аталған бренд ең алғаш 2014 жылдың маусым айында Pop-up-store-де таныстырылған. Топтама екі ұрпақтың талғамын қамтыған. Айтпақ ойды қысқа қайыру тән. «Endorfin» брендінің басты ерекшелігі – барлық образдың көп қызметтілігі. Ол белгілі бір ереже ұсынбайды, қай киімді немен үйлестіру керектігін өзіңіз шешесіз. Сән ұсынғанды емес, қалауынша киінуді жөн көретін адамдарға арналған.


Топтама «жел» деп аталады. Оны «Егер сен білсең ғой...» кітабынан алынған келесі цитатаның көмегімен сипаттауға болады: «Жерге құлап жатқан жұлдыздардың бірін жанарымызбен ұстап, екеуімізге ортақ тілек айтайықшы. Төменгі жағажайға түсіп, батпырауық ұшырайық. Дұрысы – сен ұшыр, ал мен желдің біз құрастырған түрлі-түсті құрылғыны қалай қағып алып кететінін байқайын. Мен жел сені де ұшырып алып кетпесінші деп қатты қорқамын». Сафарли Э.

Арнайы massaget.kz үшін: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: massaget.kz

Қ. Бүйенбай