Атақты Hermès сән үйі Париж бен өзге де Франция қалаларындағы мемлекеттік ауруханаларға €20 миллион қаржы бөлді.
Бұл брендтің пандемияға қарсы күреске көрсеткен алғашқы көмегі емес. Осыған дейін аталған компания Вудра қаласында парфюмерлік фабрика ашып, 30 тонна қол дезинфициялағыш жасап шығарған болатын. Сән үйінің өзге филиалдары жалпы саны 31 мыңнан астам медициналық маска тігіп таратқан.
Бұған қоса, Hermès Group әлем бойынша 15 500 қызметкерінің айлық жалақысын пандемия біткенше сақтамақ. Бұл орайда компания басшылығы Франция үкіметі ұсынған көмектен бас тартып, ақшаны өз қорынан төлеуге бел буған.