Спайк Джонздың «Her» фильмін көріп, OS жасанды интеллектіне ғашық болмаған адам жоқ шығар. Сонымен қатар, фильмнің бас кейіпкері Хоакин Феникс (Теодор Туомбли) сияқты киініп жүргіңіз келсе, материалымыз сіз үшін.
Бұл фильмнің актерлерін киіндірген дизайнер Кейси Сторм болашақта біз де дәл осы фильмдегідей киініп жүретін боламыз дейді. Оскар сыйлығын алған фильмнің актері лентада Саманта есімді операциялық жүйеге ғашық болады. Ал оны Скарлетт Йоханссон дауыстапты.
Сонымен, Теодордікіндей киім болашақтың еншісінде болса, бұл киімнің қандай болатынын көрейік. Фильмдегі кейіпкерлердің киім үлгісін Opening Ceremony бренді қайта жасап шыққан. Сөйтсек, кейіпкердің киген алқызыл түсті жейдесі (button-down деп аталатын жаға) Band of Outsiders коллекциясының ескі үлгілерінен алыныпты.
Теодор сияқты сәнді болу үшін бір ғана жейдені кию аздық етеді. Олай болса, Теодор Туомблидің сән үлгісін толық жинақтаған gq.ru сайтының ізденісіне көз салайық. Әрине, бұл коллекцияда «сұлу» операциялық жүйе – Саманта жоқ, десе де басқаларына тоқтала кетейік. Және оның бағаларына да көз жүгіртіңіз.
Band of Outsiders жейдесі, bandofoutsiders.com сайтында $235
J.Crew жейдесі, mrporter.com сайтында £62, mrporter.com сайтында Cutler & Gross көзілдірігі £225
Mrporter.com сайтында J. Crew жейдесі £54, Acne Studios шалбары farfetch.com сайтында €270
Harrods.com сайтында Brunello Cucinelli жейдесі £309; farfetch.com сайтында Comme des Garçons Homme Plus шалбары €410; barneys.com сайтында Bottega Veneta етігі $590
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: gq.ru, cinemalove.diary.ru