Қолдан білезік жасауды үйреніп алсаңыз, енді сырға жасап көрейік. Ең қызығы, бұл сырғаны өзіңіз жасағаныңызға ешкім сенбеуі мүмкін. Бұл үшін аз ғана материал керек. Сонымен, моншағымызды, пиннің ұшына өткізуге арналған қалпақшаны, моншақ өткізетін пиндер мен негізгі бөлігі – швенздерді, қайшы мен домалақ ауызды қысқышты дайындаймыз.
Дәл осы әдіспен әртүрлі тастарды таңдап алып, түрлі сырғалар жасауға болады.
Игілігіңізге тағыңыз!
Автор: Назерке Смағұл
Сурет: ©massaget.kz