Handmade бұйымдар: сырға жасап үйренейік

Handmade бұйымдар: сырға жасап үйренейік

Қолдан білезік жасауды үйреніп алсаңыз, енді сырға жасап көрейік. Ең қызығы, бұл сырғаны өзіңіз жасағаныңызға ешкім сенбеуі мүмкін. Бұл үшін аз ғана материал керек. Сонымен, моншағымызды, пиннің ұшына өткізуге арналған қалпақшаны, моншақ өткізетін пиндер мен негізгі бөлігі – швенздерді, қайшы мен домалақ ауызды қысқышты дайындаймыз.


Құрал-жабдықтар

 


Біз ақық тастардың бір түрі – ақ оникс пен жасанды қызғылт моншақты таңдап алдық.

 


Пиннің ұшына өткізуге арналған қалпақша, пин және швенздер


Ең бірінші пинге қалпақшаны, одан соң моншақтарды ретпен тізіп шығамыз.


Пиннен қайыруға аздап қалдырып, артығын кесіп тастаймыз.


Қысқышпен пинді сәл қайырамыз.

 


Қайырған соң, швензді ілеміз.


Енді домалақ етіп бекітуге болады.

Сырғамыз дайын!

Дәл осы әдіспен әртүрлі тастарды таңдап алып, түрлі сырғалар жасауға болады.

Игілігіңізге тағыңыз!

Автор: Назерке Смағұл

Сурет: ©massaget.kz

Y. Smaghul