- Негізгі бет
- Сән
- Dolce & Gabbana:...
Dolce & Gabbana: Тициан мен Рафаэль картиналарына арналған топтама
Фото:
vk.com
Миланда атақты дизайнерлік дуэт жаңа Dolce & Gabbana Alta Moda топтамасын ұсынды. Ол Миланға, оның тарихына арналған және шоу барокко стиліндегі Palazzo Litta сарайында өтті.
Топтаманың негізгі бөлігі италиялық қылқалам шеберлерінің картиналарына арналды. Есімдері аңызға айналған тұлғалардың теңдессіз туындылары киімге түрлі кесте тоқу техникасымен салынған.
Дизайнерлер бұл іске кіріспес бұрын Ренессанс дәуірінің тарихын әбден зерттеген екен. Бір айта кететіні, жаңа киім үлгілері осы шедеврлерден кем түспестей аса жоғары талғам және шеберлікпен тігілген.
А. Оралқызы