- Негізгі бет
- Сән
- Dolce & Gabbana...
Dolce & Gabbana сән үйі жаңа көйлек топтамасына Кейт ханшайымның атын берді
Фото:
vk.com
Герцогиня Кэтрин былтыр күз мезгілінде Канадаға жасаған ресми визиті кезінде италиялық Dolce & Gabbana сән үйінің изумруд түсті көйлегін киген болатын. Уильям ханзаданың жұбайы киген көйлек бірден БАҚ өкілдерінің көзіне ілігіп, жоғары талғамына тамсанғандар аз болмады. Кэтриннің көйлегін сатып алуға ниет білдіргендер де табылды.
Бірақ 1940 жылдар стиліндегі көйлек Миддлтонның жеке сұранысын ескере отырып, арнайы бір ғана данада тігілген болып шықты.
“Сұраныстан ұсыныс туады” дегендей, сол оқиғадан жарты жыл өткеннен кейін компания Кэтрин көйлегінің капсулалы нұсқасын шығарды. Модельді Middleton деп атаған.
Көйлектің изумруд және ақ түсті екі нұсқасы сатылымға шығып отыр.
А. Оралқызы