Dolce & Gabbana-ны қалайтын әйел – өз-өзіне ұнайтын және өзгелерге не ұнайтынын білетін әйел. Әлемді шарлап шықса да, ешқашан тегін ұмытпайтын заманауи-әйел.
Қашан және кім: Dolce & Gabbana 1982 жылы екі жас дизайнер Доменико Дольче мен Стеффано Габбана құрған итальян сән үйі. 1985 жылы қос дизайнер Milano Collezioni модельдер көрсетіліміне қатысып, танымалдылыққа ие болады. 1990 жылға дейін әйелдер киімі мен іш-киімдерін тігумен айналысқан.
Бренд: 1990 жылдан бастап, Доменико мен Стеффано еркектерге арналған киім-кешектердің үлгісін ұсынады. 1992 жылы әйелдерге арналған, ал 1996 жылы ерлерге арналған иіссуларды шығарады. Ал 1994 жылдан бастап, Dolce & Gabbana жиынтығына джинсілер, сәнді көзәйнектер, түрлі әшекейлер мен сөмкелер және т.б. аксессуарлар қосылған.
Қанатты сөзі: «Дененің өз тілі бар, сәнді киімнің міндеті оны сөйлете білуінде». Доменико Дольче мен Стеффано Габбана.
Қызықты дерек: Модельерлер жылына 13 коллекция жасайды. Және әрбір көрсетілімде сән әлемінде новатор болуға тұрарлық элементтер болады.
Серіктестіктер: 2002 жылы Dolce & Gabbana Ситроен автомобиль концернімен келісім-шартқа отырады және дәл сол жылы салоны Дольче мен Габбананың нобайымен жасалған «Dolce & Gabbana» маркасымен Citroen C3 көлігі шығады.
Бренд беті: 2012 жылы Dolce & Gabbana косметикалық өнімдерінің беті болып Моника Белуччи тағайындалған.
Жұлдызды клиенттер: Стинг, Мадонна, Дита фон Тиз, Кирстен Данст, Скарлетт Йоханссон, Анджелина Джоли және т.б.
Суреттер: dolcegabbana.com, flickr.com, optica.kz, buro247.ru