Diorсән үйінің жаңа көктемгі және жазғы топтамаларын жарнамалайтын бейнеролик шықты. Осы коллекцияның негізгі дәріптеушісі атанған Саша Пивоварова есімді топ-модель жарнамалық видеода Мария Грация Кьюридің Diorсән үйі үшін жасаған жейделерінде қойылған Неге әйелдерден ұлы суретші шықпаған? деген сұрақты қайталайды және соған былайжауап береді:Өнер қашан да ерлердің билігінде болды. Осыған дейін әйелдер сурет өнерінде тек муза ретінде ғана бағаланып келді, ешқашан өнер тудырушы болмаған. Енді осы мәселені қолға алып, әйел өнерпаздарға қолдау көрсету керек. Топтаманың өзі де сондай сирек есімдердің бірі есептелетінбелгілі француз суретшісі Ники де Сен-Фалль шығармашылығына арналған.Бір қызығы, сурет өнері шеберібұрын дәл осыDiorсән үйінің моделі ретінде де танылып үлгерген екен. Топтаманың жарнамасын ілгерілету мақсатында кеше ғана әлеуметтік желілерде жарық көрген фотосуреттерді теңдессіз fashion-фотограф Патрик Демаршельетүсірген. Қосымша ақпарат бере кетейік, Ники де Сен-Фалль театр суретшісі әрі мүсінші, жаңа реализм толқынының өкілі. Танымал мүсінші Жан Тэнглидің жұбайы. Бұл жұптың ең атақты туындысы Париждегі Стравинский субұрқағы. Сурет өнеріне қызығушылық танытатын оқырмандарымыз үшін Ники де Сен-Фалльесімі тансық өнер әлемін ашатыны анық. Ендеше, дизайнер Кюридің жазғы топтамасының музасы болған сурет шебері туралы терең ақпарат алғыңыз келсе, мақала астына пікір қалдырыңыз.