Dior хош иісі туралы түрлі мини фильмдер мен жарнама роликтері түсіріледі. Және әркез өзіне тән жаңа құпиясы ашылады. Сондықтан, атақты сән үйі осының барлығын бір арнаға тоғыстырып, кітап етіп шығаруды жөн көрді.
Нәзік раушан гүлді мұқабасы бар кітаптың ішінде 1947 жылы шыққан Dior иіссуларынан бастап бүгінгі жаңа түрлеріне дейін қамтылған.
Кітап авторы Чендлер Бурр сән үйіне қатысты ең ескі деген архивтерді қарап, ішінен оқырмандарға бейтаныс болатын жаңа деректер тапқан. Мұнымен қатар, «Miss Dior L'originale», «J'adore» сынды атақты иіссуларының қалай жасалатындығы туралы да жазылған.
Аты аңызға айналған иіссулардың шығу тарихын баяндайтын бұл кітап көпшілікке осы аптада жол тартты.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: buro247.ru