Bond No.9 – қалаға деген сый-құрметті білдіретін алғашқы марка. Жақын күндердің бірінде Bond No.9 брендінің парфюмері Мари Сикоряк Алматы қаласына келіп, Нью-Йорк топтамасымен арнайы таныстырды. Оның атауы тікелей Нохо ауданындағы Бонд-стрит көшесімен тікелей байланысты. Топтамада әйел және ер адамға арналған 60 хош иіс бар.
Аталған марканы жасап шығарған француздық парфюмер - Лорис Рамэ. 11 қыркүйек күні болған қайғылы оқиғадан кейін қаланың астаң-кестеңі шығады. Манхэттеннің жұмыс істейтін бөлігі толықтай ойрандалып, адамдардың бойын үрей билейді. Бұған алаңдаған Лорис қала тұрғындарына шабыт сыйлап, туған қаласын еске түсіретіндей бір нәрсе ойлап тапқысы келеді.
Нәзік қыздың сезімімен ұштасқан бұл иіссуларды еліміздің кез келген тұрғыны сатып ала алады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: buro247.kz