Almaty Shopping Festival - дүкен аралайтын кез

Almaty Shopping Festival - дүкен аралайтын кез

Алматы қаласында 14-23 қыркүйек аралығында 10 күн бойы Қазақстандағы алғашқы Шоппинг Фестивалі өтеді. Дубай, Лондон, Парижде жақсы дәстүрге арналған рәсім енді біздің елде де орын алмақ. 14 сауда орталығындағы 200 танымал бренд тауарларына, 50 мейрамхана мен 12 қонақүйдің қызметтеріне 90%-дық жеңілдікпен қол жеткізуге болады. 

Фестиваль күндері сүйікті дүкендеріңізден ескі және жаңа топтама киімдерін, аяқ-киімдер мен аксессуарларды алып, акцияға қатысатын мейрамханалардан тамақтанып, қонақүйде тоқтауға болады. Фестивальға 300-ден астам компания қатыспақшы. Олардың арасында, мұражайлар, театрлар да бар.

Акцияға қатысу үшін shopping2012.kz сайтына тіркеліп, қатысушының купонын сатып алыңыз. Купонды кейін арнайы бейджге ауыстырып алуға болады.

Бейдж фестивальдің 10 күніне де жарамды. Фестивальға қатысып жатқан мекемеден осы бейджді көрсету арқылы белгіленген жеңілдікпен тауар сатып алуға болады. Бір брендті дүкен не мейрамханаға осы 10 күнде бір рет қана баруға болады. 

Кейбір жеңілдіктер:

Kimex - жаңа топтамаға 50% жеңілдік;

Puma - ескі топтамаға 60%, жаңа топтамаға 20% жеңілдік;

Ostin - ескі топтамаға 80%, жаңа топтамаға 30% жеңілдік;

Reebok, Adidas - 30% жеңілдік;

Park Bravo - 50% жеңілдік;

Сондай-ақ, қаламыздағы танымал мейрамханалар, кинотеатрлар, мұражайлар, мұз айдындары, сән салондарында да жеңілдіктер болмақ.

Жеңілдіктер болатын мекемелер мен дүкендердің аттары, мекен-жайлары толығырақ мына жерде.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: almatykuni.kz

С. А