Маникюр жасаудан Әлем чемпионаты

Жуырда Италия астанасы Рим қаласындағы Nuova Fiera de Roma  атты көрме орталығында көркем маникюрдан екі күндік Чемпионат өтті.  The Nailympics Competition деп аталатын жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен келген 1000-нан астам шебер қатысты.

Барлық қатысушылар шеберлік деңгейіне сәйкес әуесқой, шебер, кәсіпқой болып үш топқа бөлінді және әрқайсысы өз командасында 4 категория бойынша жарысқа түсті. Бірегей маникюр жасап шығу үшін The Nailympics Competition қатысушыларына қалаған материал мен құрал-саймандарды қолдануға рұқсат берілді. Екі күн ішінде олар 16 мың тырнақты танымастай етіп өзгерте білген.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: bugaga.ru